Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин экс-президенттерді қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын заңға қол қойды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Dennis Grombkowski/Getty Images

Ресей басшысы Владимир Путин экс-президенттерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайтын заңға қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

Заңға сәйкес, Ресей Федерациясының бұрынғы президенттерін тұтқындауға, қамауға алуға, жеке тінтуге болмайды, оларды тінтуге немесе жауап алуға тыйым салынады.

Экс-президент тек аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана бұл құқықтан айырылуы мүмкін.

Бұл жағдайда Федерация Кеңесі Думаның мемлекетке опасыздық жасау немесе өзге де ауыр қылмыс жасау айыбын негізіне ала отырып, бұрынғы президентті бұл мәртебеден айыра алады.

Одан бөлек, бұл айыптаулар Жоғарғы және Конституциялық сотпен дәлелденуі керек.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

"Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады. Біз күш біріктіре отырып, барлық екіжақты байланыстарды, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін.

Мұның бауырлас халықтарымыздың мүдделеріне жауап беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолымен келе жатқанымызды білдіреді. Өзіңізге зор денсаулық пен табыс, ал барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін", – делінген Ресей президентінің жеделхатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1890547-putin-eks-prezidentterdi-kylmystyk-zauapka-tartuga-bolmajtyn-zaga-kol-kojdy/

pixel