RU

Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай енгізді

Наразылық
Фото: Владислав Павлов / ТАСС

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қаңтарға жоспарланған инаугурация дау-дамайсыз өтуі үшін Колумбия аймағында төтенше жағдай енгізді деп хабарланған Ақ үйдің сайтында.

Төтенше жағдай режимі 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап 24 қаңтарға дейін жалғасады.

Президенттің бұл іс-әрекеті Ішкі қауіпсіздік министрлігі Федералды Төтенше жағдайларды басқару агенттігіне (FEMA) барлық көмек шараларын үйлестіру құқығын береді.

Атап айтқанда, FEMA төтенше жағдайдың салдарын жеңілдету үшін қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстарды анықтауға, жұмылдыруға және беруге құқығы бар. Тікелей федералды көмекпен шектелген төтенше жағдайлардан қорғану 100 пайыз федералдық қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

Ішкі қауіпсіздік министрлігі Федералды Төтенше жағдайлар агенттігінің (FEMA) әкімшісі Пит Гейнор зардап шеккен аудандағы федералды қалпына келтіру операцияларының федералдық үйлестірушісі етіп Томас Дж. Фарджионені тағайындаған.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы сенат залына баса көктеп кіріп, Капитолийді басып алған еді.

Онда президенттік сайлаудың нәтижелерін бекітуге бағытталған кездесулер өтуі тиіс болған. Көп ұзамай, аталмыш наразылық шарасы кезінде төрт адам қаза тапқаны белгілі болды.

Кейінірек, Байден Трамптың жақтастарының Вашингтондағы Капитолийге баса көктеп кіруін жай наразылық емес, бүлік деп атады.

Байден Трамптан өз жақтастарының әрекетін дереу бұрыс деп табуын талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893233-donald-tramp-vasingtonda-ttense-zagdaj-engizdi/