Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

VII шақырылымдағы парламенттің 1-сессиясына қатысып жатқан президент барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн екенін айтты деп хабарлайды Ақорда Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

"Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн", - дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқев депутаттар "жастардың әлеуметтік қызметтері" деген ұғымды заң жүзінде ресімдеуі керек екенін атап өтті.

"Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда "Жастардың даму индексін" енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады.

Осы мақсатта электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланған абзал, дейді президент.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске өту шегін төмендетуді ұсынған еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, дауыс саны жетпей қалған кей партияларда білікті әрі білімді азаматтар баршылық.

Одан бөлек, президент биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтетінін айтты.

"Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893934-prezident-barlyk-degejdegi-sajlau-bulletenderine-brine-karsymyn-degen-zazu-engizgen-zn/

pixel