Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Мәжіліске өту шегін төмендетуіміз керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске өту шегін төмендетуді ұсынды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

"Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады", - дейді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, дауыс саны жетпей қалған кей партияларда білікті әрі білімді азаматтар баршылық.

"Кейбір партиялардың мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білімді, білікті азаматтар бар", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент партияның мұндай өкілдері ортақ жұмыс үшін тиімді болады деген пікірде.

"Солар парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді", - дейді Тоқаев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы VII шақырылымдағы парламенттің 1-сессиясының ашылуына қатысуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар президент биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893927-tokaev-mziliske-tu-segin-tmendetuimiz-kerek/

pixel