Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева мәжіліс төрағасының орынбасары болды

Опубликовано:

мәжіліс
Фото: мәжіліс

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның вице-спикерлері қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевтың кандидатурасын талқылауға ұсынды.

Мәжіліс депутаттары кандидаттарды бірауыздан қолдады.

Балаим Кесебаева - заңгер, әділет министрлігінде қызмет атқарған. Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы әділет департаменттерін басқарған.

Сонымен қатар мәжілістің VI шақырымында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Павел Казанцев – мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында болған. "Nur Otan" партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетін басқарады.

Сондай-ақ Казанцевтің әкімшілік және партиялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар.

Еске сала кетсек, бүгін мәжілістің жаңа депутаттарының әрқайсысы Конституцияға қолын қоя отырып, ант берді. Рәсім президенттің қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өтті.

Сонымен қатар жиын барысында депутаттар мәжіліс спикерін таңдады. Бұл қызметке Нұрлан Нығматуллин тағайындалды.

Ол өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқару үшін барлық жинаған білімі мен тәжірибесін жұмсайтын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893976-pavel-kazancev-pen-balajym-kesebaeva-mzilis-tragasyny-orynbasarlary-boldy/

pixel