Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа мәжілісте кімдердің негізгі позицияға ие болғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Ақорда

Парламенті vәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның 7 тұрақты комитетінің төрағалары сайланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, мәжілісте тұрақты комитетінің саны 7-ден аспауы керек. Алтыншы шақырылымдағы комитет атауы мен саны жетінші шақырылымда да өзгеріссіз қалды.

Осылайша, мәжілістегі комитеттердің төрағалығы төмендегідей негізде құрылды:

  1. Аграрлық мәселелер комитетіне парламенттік оппозициядан Ерлан Барлыбаев ("Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы)
  2. Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне Жәмила Нұрманбетова
  3. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Қанат Мусин
  4. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Айгүл Құспан
  5. Қаржы және бюджет комитетіне Марат Құсайынов
  6. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне Альберт Рау
  7. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне парламенттік оппозициядан Александр Милютин (Қазақстан халық партиясы) төраға болып сайланды.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасының орынбасары болып Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев сайланды.

Еске сала кетсек, бүгін мәжілістің жаңа депутаттарының әрқайсысы Конституцияға қолын қоя отырып, ант берді. Рәсім президенттің қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өтті.

Сонымен қатар жиын барысында депутаттар мәжіліс спикерін таңдады. Бұл қызметке Нұрлан Нығматуллин тағайындалды.

Ол өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқару үшін барлық жинаған білімі мен тәжірибесін жұмсайтын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893989-zaa-mziliste-kimderdi-negizgi-poziciaga-ie-bolgany-belgili-boldy/