Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Elbay.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді", - делінген оның хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін "Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков 85 жасында өмірден өтті.

Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Бұдан бөлек, "Көгілдір такси", "Қан мен тер" сияқты оннан аса кинофильмге түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894568-elbasy-limgazy-rajymbekovti-otbasyna-kil-ajtty/

pixel