Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсет Тұрысов цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Әсет Тұрысов
Әсет Тұрысов. Фото: primeminister.kz

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды primeminister.kz.

Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы "Нархоз" университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ электр байланысы инженері.

2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.

2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы.

2014 жылы — "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры.

2014-2017 жылдары — "Қазпошта" АҚ құрылымында жұмыс істеді.

2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиев тағайындалғаны туралы жазған едік.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Серік Жамбылұлы Шәпкенов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894600-set-trysov-cifrlyk-damu-vice-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel