jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қытай мен Үндістан шекарасында әскери қақтығыс болды

    Әкерилер
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қытай мен Үндістан әскері даулы шекара аймағында қақытығысып қалды. Екі тараптан да зардап шеккендер бар екені белгілі болды деп хабарлайды Би-би-си.

    Үш күн бұрын Сиккиманың солтүстігіндегі Наку Ла шатқалында әскери қақтығыс болды.

    Ресми тұлғалардың сөзінше, қытайлық патруль Үндістан аймағына кіруге тырысып, кейін шегінуге мәжбүр болған. Қос мемлекетте осы ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірмеген.

    Өткен жылдың жаз айында шекарадағы даулы аймақтардың бірінде адам өліміне әкелген қақтығыстан кейін екі ел арасындағы шиеленіс жоғары болып келген.

    Галван аңғарында болған атыста кем дегенде 20 үндістандық сарбаз қаза тапан. Ал Қытай қайтыс болғандар саны туралы ақпаратты жария етпеген.

    Үндістан мен Қытай - әлемдегі ең даулы шекаралас әрі ең үлкен территорияға иелік ететін елдер.

    Екі мемлекет арасында 1962 жылы соғыс болған. Сол кезде Үндістан ауыр жеңіліске ұшыраған.

    Еске сала кетейік, Global Firepower 2021 атты әскери күштердің әлемдік рейтингі жарияланған болатын.

    Рейтингке барлығы 138 ел енген. Үздік үштікке АҚШ, Ресей және Қытай кірді. Бутан соңғы 138 орында.

    Қазақстан Сербия мен Хорватияның ортасына жайғасып, тізімде 62-ші орынды иеленді. Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде әскери күш бойынша рейтингте Қазақстан Ресейден (2), Украинадан (25), Беларусьтен (50) және Өзбекстаннан (51) қалып қойды.

    Посткеңестік елдер арасында рейтингте Әзірбайжан (64) Қазақстанға ең жақын ел болып отыр.

    Қытай мен Үндістан шекарасында әскери қақтығыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.