Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

Опубликовано:

Мұхаммедқали Әбілғазиев
Мұхаммедқали Әбілғазиев. Фото: gov.kg

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-премьер-министр Мұхаммедқали Әбілғазиевті тұтқындады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұған дейін қаржы полициясы Әбілғазиевке елден шығуға тыйым салған болатын. Шетелге шығу әрекеттенсе оның ұсталатыны туралы атап өткен еді.

Кейінірек бұрынғы премьер-министр жауап алуға шақырылды, бірақ қандай мәселе бойынша екені хабарланбады.

26 қаңтарда ол қайтадан жауап алуға шақырылған, содан кейін қамауға алынған.

Айта кетсек, Мұхаммедқали Әбілғазиев радиожиілік төңірегіндегі жанжалдан кейін үкімет басшысы қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Өткен жылдың қараша айында бас прокурор Құрманқұл Зулушев денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қатысты пандемия кезіндегі заңсыз әрекеттер фактісі бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Ол сол кезде егер экс-премьер-министр Әбілғазиевтің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болса, заң алдында жауапқа тартылатынын баса айтқан болатын.

Әбілғазиевке қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу басталғынмен, бірақ айып тағылған жоқ.

Радиожиілікті сату бойынша істі әскери прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр.

2020 жылғы 14 мамырда ұялы байланыс операторларының бірімен және ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің қызметкерлерімен сөз байласты деген күдікпен мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-директоры Наталья Черногубова ұсталды.

Кейін мемлекеттік байланыс агенттігіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша бес адам ұсталғанын оның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де бар екені хабарланды.

20 мамырда депутат Жанар Ақаев Жогорку Кенеште үкіметтің екі радиожиілікті арзанға сатқанын айтты. Парламентарийдің айтуынша, сатылымды премьер-министр Мұхаммедқали Әбілғазиевтің рұқсатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді.

Ақаев аталған келісімдерден келген шығынды 5 миллиард сомға бағалады. Келесі күні Әбілғазиев парламенттегі айыптауларға жауап беріп, көп ұзамай қысқа демалысқа кетті.

12 маусымда бұл іс бойынша "Ала-ТВ" компаниясының негізін қалаушы ұсталғаны белгілі болды (оның жиіліктері ұялы байланыс операторына сатылған).

15 маусымда Мұхаммедқали Әбілғазиев бұл іске қатысы жоғын айтып, отставкаға өтініш берді. Ол 19 күнге созылған демалысынан кейін жұмысқа қайтып оралмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895882-kyrgyzstanny-bryngy-premer-ministri-staldy/

pixel