RU

Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери техниканы тегін беруге ниеттеніп отыр

Оқ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы өз қаруларының бір бөлігін Қырғызстан мен Тәжікстанға тегін беруді жоспарлап отыр. Еліміздің Қорғаныс министрлігі қоғамдық талқылау үшін тиісті қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Берілетін мүліктің пайдаланылмайтыны және артық сақталып тұрғаны көрсетілген.

Тәжікстанмен жасалған келісім жобасында Қазақстан Республикасы жабдықты Душанбе қаласына жеткізуді өз мойнына алады делінген. Көлік шығындарын да қазақстандық тарап көтереді.

Құжатқа қосымшада берілетін мүліктің тізімі келтірілген. НҚА жобасына сәйкес Қазақстан Тәжікстанға береді:

  • БО оғы бар 5,45 мм патрондар - 3 млн дана;
  • 23 мм патрон - 20 мың дана;
  • 82 мм оқ - 10 мың дана.

Қырғыз Республикасымен жасалған келісім жобасында техниканың Қой-Таш елді-мекеіне жеткізілетіні көрсетілген. Шығындарды қазақстандық тарап өз мойнына алады.

Қосымшада берілетін мүліктің тізімі де көрсетілген:

  • БО оғы бар 5,45 мм патрондар - 6 млн дана;
  • Жарықшақты-фугасты бастиегі бар 122 мм реактивті снаряд - мың дана;
  • Қызғылт сары түсті түтінді жерүсті сигналдық патрон - екі мың дана;
  • 26 мм сары түсті отты сигналдық патрон - мың дана;
  • "Восток-СП" есту-қабылдау бекеті - 4 бірлік;
  • "Галактика" РПҚ - 6 бірлік;
  • "Калина 12х80" антенналық коммутаторы.

Құжаттарда алушылар бұл жабдықты үшінші тұлғаларға бере алмайтыны немесе сата алмайтындығы көрсетілген. Екі құжат та 6 ақпанда талқылауға шығарылды. Ол 20 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898146-qazaqstan-qyrgyzstan-men-tazikstanga-askeri-texnikany-tegin-beruge-niettenip-otyr/