Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеу КСРО-ны қайта құруды жоспарлап жүр ме

Опубликовано:

Андрей Руденко
Фото: РФ СІМ

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Мәскеу Кеңес одағын қайта қалыпқа келтіруді жоспарламайтынын айтты.

ТАСС мәліметінше, 2020 жылы посткеңестік алаңда бірқатар түбегейлі өзгерістер болған, ал бұл сөзсіз Ресейдің мүддесіне оң әсер етеді. Атап айтқанда, бұл - Беларуссиядағы президенттік сайлаудан кейінгі шиеленісті ішкі саяси жағдай; Таулы Қарабақтағы жаңа соғыс; Молдовадағы президенттің Батысқа бағытталған саясатқа ауысуы; Қырғызстандағы тағы бір "революция".

Руденко бұл өңірлердегі жағдайдың даму векторына не себеп болғанын айтып, мұның бәрінен Батыстың барлық елді Ресейден аластату әрекеттерін байқайтынын айтты.

"Өткен жыл біздің елдеріміздің өміріне қандай да бір түрде әсер ететін бірқатар оқиғамен есте қалды. Біздің көршілес елдеріміздің даму векторын өзгерту, оларды Ресейден алшақтатып, құндылықтардың басқа жүйесін енгізу мақсатында ел жағдайын тұрақсыздандыру әрекеттері жалғасып жатыр. Батыстың посткеңестік кеңістікті тұрақты қақтығыстар мен шиеленістер аймағына айналдыруға деген ұмтылысын көріп отырмыз. Біздің міндетіміз - осындай саясатқа қарсы тұру.

Соған қарамастан, бізді Кеңес Одағын қайта құруды жоспарлап жүр деп айыптайды. Бұл олай емес. Мәскеу әртүрлі саладағы дәстүрлі байланыстарға сүйене отырып, барлық посткеңестік елмен тең және өзара тиімді ынтымақтастықты дәйекті түрде қолдайды",- деді ол.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары "ТМД -дағы серіктестерде сырттан дайындалған ішкі сілкіністерге алып келетін қауіп-қатерлер туралы нақты түсінік бар" деген сенім білдірді.

"Біздің достарымыз алдында тұрған саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сындарлы түрде шеше алады деп үміттенеміз. Өз тарапымыздан ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД сияқты интеграциялық бірлестіктердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларға жан — жақты қолдау көрсетеміз", - деп атап өтті Руденко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898292-maskeu-ksro-ny-qaita-qurudy-zosparlap-zur-me/

pixel