Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропарламент Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуы туралы резолюция қабылдады

Опубликовано:

Құжатқа қол қою
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еуропалық парламент Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты жағдайды сынға алып, Еуропа Одағын заңбұзушылықтар үшін жауаптыларға қатысты санкциялар салуға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы жөніндегі Еуропалық парламенттің резолюциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта адам құқықтары бойынша жалпы жағдайдың нашарлауына, азаматтық қоғам ұйымдарына қарсы репрессияға, сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға деген құқықтардың күрт шектелуіне Еуропалық парламенттің назар аударғаны жазылған.

Еуропалық парламенттің пікірінше, Қазақстан билігі оппозициялық көзқарастағы азаматтар мен журналистердің, блогерлердің, тәуелсіз кәсіподақ мүшелерінің, құқық қорғаушылардың ізіне түсуде, ал оппозиция белсенділері түсініксіз жағдайда қаза тауып жатыр.

Құжатта сонымен қатар елдегі сексуалды азшылық өкілдері әлі күнге дейін сот проблемалары мен кемсітушілікке тап болып отырғанын көрсетілген.

"Біз Қазақстан үкіметін саяси астары бар айыптарды алып тастауға және құқық қорғаушыларға, діни ұйымдарға, азаматтық қоғам ұйымдарына, кәсіподақтарға, журналистер мен оппозициялық саяси қозғалыстарға қатысты кез келген негізсіз ұстау, қуғын-сүргін мен қудалауды тоқтатуға шақырамыз. Адамдарға өздерінің саяси, діни және өзге де көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндік беру керек. Сондай-ақ еркіндікке кепілдік беру үшін бейбіт жиындар туралы жаңа заңға түзетулер енгізу керек", - делінген резолюция мәтінінде.

Сонымен қатар Еуропарламент барлық саяси тұтқындарды тез арада босатып, толықтай қалпына келулеріне жағдай жасауға, сонымен қатар Қытайдағы концлагерьлерден қашқан этникалық қазақтар мен өзге азшылық топтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыруда.

Резолюцияда "адам құқығы саласындағы ЕС-тің жаһандық санкциялар режимі жақында бекітілгені" еске салынып, бұл режим "ЕО-ға бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын бұзушыларды сотқа тартуға мүмкіндік беретіні" және "Қазақстанның жағдайына келгенде де жүйелі түрде әрі кеңінен таралған адам құқықтарын бұзушылыққа қатысы бар жеке немесе заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бере алатыны" сөз етілген.

Еуропарламент "Еуропалық Одақ Комиссиясының вице-президентін / Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілді және ЕО-ға мүше мемлекеттерді адам құқығын бұзушыларға бағытталған санкцияларды енгізу мүмкіндігін қарастыруға шақырып отыр".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898649-europarlament-eo-ny-qazaqstanga-qarsy-sankciyalar-saluga-saqyrdy/

pixel