Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Еуроодақпен қарым-қатынасын үзбекші: Лавров мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сергей Лавров в наушниках
Сергей Лавров. Фото: Antonio Masiello/Getty Images

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Еуроодақпен қарым-қатынасын үзгісі келмейтінін, алайда қажет болған жағдайда бұған дайын екенін айтты.

Ресейдің сыртқы істер министрі "Соловьев Live" YouTube арнасында журналист Владимир Соловьевке берген сұхбатында Ресей ЕО-мен қарым-қатынасын үзуге дайын ба деген сұраққа жауап бере отырып, Ресей билігі әлемдік аренада өзін оқшаулағысы келмейтінін мәлімдеді, алайда қажет болған жағдайда бұған дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ол "Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайын бол" дегенді еске салды.

"Егер біз кейбір салаларда біздің экономикаға, соның ішінде ең сезімтал салаларға қауіп төндіретін санкциялар салынатынын тағы да байқасақ, онда – иә", – деп қосты Лавров.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалған еді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Айта кеткен жөн, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар аталған салаға жаңадан білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнықтыруға тиіс екенін атап өтті. Мұндай шаралар, ең алдымен, қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін жасалып отыр.

Сонымен қатар соттар мен сот рәсімдері қазіргі заман талабына сай болуға және азаматтарымыздың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898740-resej-euroodakpen-karym-katynasyn-zbeksi-lavrov-mlimdeme-zasady/

pixel