Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Опубликовано:

Кездесу
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездескен.

"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мемлекет басшысына өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сондай-ақ отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан бөлек президентке жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастық негізінде инвестиция тарту жолдары, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылған.

Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері қарастырылған.

Кездесу
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.

Еске салсақ, өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Көшбасшылар екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900429-toqaev-ulttyq-qogamdyq-senim-kenesinin-muselerimen-kezdesti/

pixel