RU

Талдықорған әкімінің қызметінен кеткені туралы ақпаратқа әкімдік пікір білдірді

Ғалымжан Әбдірайымов
Ғалымжан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/abdraimov.galymzhan

Әлеуметтік желіде Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қызметінен өз еркімен кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл хабарға қатысты қала әкімдігі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта Талдықорған қаласының басшысымен бірге оның орынбасары Сайлауғали Байназаровпен және сәулетші Абай Лесбековтің қызметтік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағаны айтылған.

"Кезекті inside: Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов және оның орынбасары Сайлауғали Байназаров өкілеттігін тоқтату үшін құжаттар тапсырған. Сондай-ақ олармен бірге жас сәулетші Абай Лесбеков те кетпек", - дейді жазба авторы.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі желіде тараған хабарды жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, аталған мемлекеттік қызметкерлер өздеріне артылған міндеттерді атқаруды жалғастыруда.

"Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған әкімінің міндетін атқаруды жалғастыруда. Оның орынбасары Сайлауғали Байназаровқа, сондай-ақ қаланың бас сәулетшісі Абай Лесбековқа келер болсақ, олар да өздерінің жұмыс орнында. Олар өздерінің күнделікті функционалдық және лауазымдық міндеттерін атқаруда.

Олардың құжаттарын және өкілеттіктерін тапсырғаны туралы ақпарат ресми түрде расталмағанын атап өтемін", - дейді Талдықорған әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Айта кетсек, бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен отставкаға кеткені хабарланған еді. Алайда оның баспасөз қызметі ақпаратты теріске шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900572-taldyqorgan-akiminin-qyzmetinen-ketkeni-turaly-aqparatqa-akimdik-pikir-bildirdi/