RU

Алматы облысында әкім өз еркімен отставкаға кетті

Қуанышбек Қашқымбаев
Қуанышбек Қашқымбаев. Фото: instagram.com/enbekshikazakh_audan_akimdigi

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев отставкаға кетті. Шенеунік қызметінен өз еркімен кеткен. Бұл туралы аудандық әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланды.

"Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметтік орнын босатты", - деп хабарлайды экс-әкімнің баспасөз хатшысы.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 12 ақпан күні Қашқымбаев жиын барысында әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететінін хабарлаған. Сондай-ақ ол әріптестеріне алғыс айтып, оларға табыс тілеген.

Айта кетейік, Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымды қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастаған болатын.

Шенеуніктің не себепті қызметінен бас тартқаны хабарланбаған.

Еске сала кетсек, 8 ақпанда Маңғыстау облысы әкімдігінің екі бірдей лауазымды қызметкері өз еркімен қызметінен кеткен еді.

Олар өңірлік білім басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Сейдалиев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымынан кетуіне не себеп болғаны хабарланған жоқ.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев те өз қалауы бойынша қызметінен кеткен болатын.

Облыстық әкімдік шенеуніктің жұмыстан шыққаны туралы ақпаратты растады.

Ведомстовның мәліметінше, шенеунік өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазып, Мұнайлы ауданының әкімдігіне жұмысқа тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899224-almaty-oblysynda-akim-oz-erkimen-otstavkaga-ketti/