Елордада Тоқаевтың қатысуымен маңызды отырыс басталды
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Отырыстың өтетіні туралы өзінің Telegram-каналында президенттің көмекшісі Ерлан Карин үш күн бұрын хабарлаған болатын.
"Кездесу барысында бұрын жарияланған ұсыныстарды, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады", - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚСК 2019 жылдың жазында мемлекет басшысының бастамасымен құрылған болатын. Кеңестің құрамы бекітіліп, негізгі міндеттері айқындалған болатын.
Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:
тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;
жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау;
жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кеңестің төртінші отырысы 2020 жылы 22 қазанда өткен еді. Оған да мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900772-elordada-toqaevtyn-qatysuymen-manyzdy-otyrys-bastaldy/