Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық билігін орнатудың көрінісі": Елімізде аудан әкімдерін сайлау қашан өтеді

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде аудан әкімдерін тікелей сайлау 2024 жылы өткізу керек деп санайтынын жеткізді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Қазір біз кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз.

Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айлары арасында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни, 800 жуық елді-мекенді қамтитын жергілікті сайлау науқаны өтеді. Бұл Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болмақ.

Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасты деп айта аламыз. Бірақ, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз.

Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама Елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан, құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталғанын, оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900802-qazaqstanda-audan-akimderin-sailau-qasan-otedi/

pixel