Францияның экс-президенті Николя Саркози 1 жылын түрмеде өткізеді
Жарияланған күні:
Жемқорлыққа қатысты айыпталған Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге қатысты сот үкімі шықты. Сот оған үш жыл жаза тағайындаған. Оның екі жылын шартты түрде, бір жылын түрмеде өтейді деп хабарлайды РБК.
Басылымның мәліметінше, прокурорлар Николя Саркозиге төрт жыл жаза кесуді (оның екі жылы шартты түрде) сұраған.
Францияның экс-президенті кассациялық сот қызметкері Жильбер Азиберден тергеуге қатысты ақпаратты заңсыз жолмен алуға тырысты деп айыпталған.
Әңгіме Саркозидің өзі қатыстқан президенттік науқанды қызы әрі L’Oreal компаниясының негізін қалаушы Лилиан Бетанкурдің тарапынан заңсыз қаржыландыру дерегін тергеуге қатысты болып отыр.
Айғақ ретінде тергеушілер Саркозидің өзі болуы мүмкін ер адам мен адвокаттың арасындағы телефон арқылы әңгімелесулерді ұсынған.
Тергеушілердің нұсқасы бойынша, Саркози адвокатымен сөйлесу арқылы сот қызметкерімен байланыс орнатып отырған.
Десе де сараптама тұтқада сөйлеп жатқан бұрынғы президенттің өзі екенін анықтаған.
Одан бөлек, қазір Францияда 2007 жылы Саркозидің президенттік науқанын ливиялық көшбасшы Муаммар Каддафи тарапынан қаражыландыруға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бұрынғы президент болса сот өкілдерін өзінен осылайша кек алуда деген ойда. Себебі Саркози билікте болғанда олардың өкілеттігін шектеуге тырысқан.
РИА Новости-дің жазуынша, Николя Саркози түрме жазасына кесілген алғашқы экс-президент.
Айта кетейік, Францияның бұрынғы президентіне қатысты сот отырысы 2020 жылдың қараша айында басталған еді.
Жалпы Саркози Францияны 2007-2012 жылдар аралығында басқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901431-franciyanyn-eks-prezidenti-nikolya-sarkozi-1-zylyn-turmede-otkizedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.