Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында отставкаға кету туралы ойынан айнып қалған әкімнің орнына жаңа басшы келді

Опубликовано:

Әлібек Жақанбаев
Әлібек Жақанбаев. Фото: alakol-aynasy.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланды.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы "Левобережный" кеңшарының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдарда Семей қаласында "Зеленстрой" шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, "Қаратал орманы" ММК Алакөл филиалының директоры, "Талдықорған ағаштары" ММК Алакөл филиалының директоры, "Алакөл орман шаруашылығы" ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2011 жылдың мамыр айынан бүгінге дейін Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі болған.

Айта кетейік, ақпан айының ортасында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен отставкаға кеткені хабарланған еді. Оның бұл шешімін 12 ақпан күні жариялағаны, әріптестеріне алғыс айтып, табыс тілегені белгілі болған.

Кейінірек, ведомство Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен отставкаға кетпегенін, өзіне артылған міндеттерін атқарып жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901739-almaty-oblysynda-otstavkaga-ketu-turaly-oiynan-ainygan-akimnin-ornyna-zana-bassy-keldi/

pixel