jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында бес бала көз жұмған ауданның әкімі қызметінен кетті

    Бақытжан Жақсылықов
    Бақытжан Жақсылықов. Фото: facebook.com / Бақытжан Жақсылықов

    Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен босатылды. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.

    "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, бір отбасының бес баласы көз жұмды.

    Өңір әкімдігінің мәліметінше, өрт сағат 15.15-те 2-шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерден шыққан.

    Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болған.

    Сол мезетте отағасы жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан барлық бала улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілген, дегенмен олар біршама уақыттан кейін көз жұмған.

    Кейінірек, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бес баланың өлімін бүкіл елді есеңгіреткен оқиға деп атап, қара жамылған отбасыға барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Сондай-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты.

    Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды.

    Жамбыл облысында бес бала көз жұмған ауданның әкімі қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.