Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 баланың өлімімен байланысты емес": Жамбыл облысында әкімнің қызметінен кету себебі айтылды

Опубликовано:

Бақытжан Жақсылықов
Фото: Бақытжан Жақсылықовтың Facebook парақшасынан алынды

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылуы 19 ақпанда Жаңатаста болған қайғылы жайтпен байланысты емес. Бұл туралы өңір әкімдігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын.

Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз", - дейді Жамбыл облысының әкімдігі.

Еске сала кетсек, Сарысу ауданының орталығы Жаңатаста болған қайғылы жайт барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс депутаттары өрттен көз жұмған балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Кейін жапа шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер берілді. Ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді.

Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді.

Ал пәтердегі өрт алдын-ала болжам бойынша тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902231-5-balanyn-olimimen-bailanysty-emes-zambyl-oblysynda-akiminin-qyzmetinen-bosatylu-sebebi-aityldy/

pixel