Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Имашев әкімдерді сайлауға дайындық барысын президентке баяндады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барасында Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндады.

Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы VII шақырылымдағы парламенттің 1-сессиясында биыл ауыл әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан еді.

"Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе", - деген болатын президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында болашақта аудан әкімдерін де сайлау қажет екенін мәлім еткен еді.

"Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан, құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деген болатын президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908805-berik-imasev-akimderdi-sailauga-daiyndyq-barysyn-prezidentke-bayandady/

pixel