Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Құжат1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ресейде заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін елден кетуге немесе ел аумағында болуын заңдастыруға тиіс. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ресей ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы жылдың 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауға тиіс", – делінген хабарламада.

Заңсыз жүргендер санатына:

  • мүлдем тіркеуге тұрмаған;
  • уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады.

Сонымен қатар заңды негіз болған жағдайда (жұмыс, оқу және тағы басқа), қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімін ұзарту үшін ішкі істер органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда олар жауапкершілікке тартылмайды.

Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартқандар және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылады. Оларға Ресейге кіруге шектеу қойылуы мүмкін, деп ескертті ведомство.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың басын біріктіретін қауымдастықтың жетекшісі отандастарының жанайқайын жеткізген еді. Ол елден жырақта айлап-жылдап үй көрмей, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың жұмыс визасын алуды армандайтынын айтады.

Жүзін көрсетуге қарсы болған кейіпкер Бекасыл Төлепбайдың бейресми қауымдастығы осы уақытқа дейін шеттегі заңсыз жүрген қандастарымызды түрлі тығырықтан алып шығуға себепкер болған. Кореяда қайтыс болған адамдардың денесін елге жеткізуден бастап, ауырып ем іздегендерге қаржылай көмек көрсеткен белсенділер тобы туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909976-syrtqy-ister-ministrligi-reseide-zurgen-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel