Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы жол апатынан қайтыс болды

Опубликовано:

Халиль Улуер
Халиль Улуер. Фото: facebook.com/baurjan.borandi

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы, танымал кәсіпкер Халиль Улуер жол апатынан көз жұмды. Оның қазасы жөнінде Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Қазақстан елшісі жазғандай, оның әйелі Фатма Улуер де апат кезінде кәсіпкермен бірге қайтыс болған. Ол елшілік атынан марқұмның жақындары мен жанұясына көңіл айтты.

"Халиль Улуер тек өз елінің емес, қазақ халқының нағыз жанашыр досы еді. Қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар асыл азамат еді. Пандемия кезінде осындағы студенттерге қол үшін аямай көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын бергендердің қамқоршылардың алдыңғы шебінде еді.

Жеке өзім және Елшілік ұжымы атынан ұл-қыздарына, туған-туыстары мен түрік халқына, достарына сабыр тілеп, қайғыра көңіл айтамын", – деп жазды Абзал Сапарбекұлы.

Ол сонымен бірге Улуердің Қазақстанға инвестиция тарту үшін күндіз-түні бірге кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізіп, үлкен жұмыс атқарғанын, сондай-ақ түрік пен қазақ халықтарының арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту үшін барлық мүмкіндікті жасағанын атап өтті.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, Улуер туризм, авиация және БАҚ саласындағы 8 компанияны басқарған.

Ерлі-зайыптылардың екі ұлы мен бір қызы бар. Құрбан болғандардың ұлдарының бірі Махмұт Сами Улуер өзінің Facebook парақшасында ерлі-зайыптыларды жерлеу рәсімі бүгін, 28 сәуірде болатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910072-qazaqstannyn-turkiyadagy-qurmetti-konsuly-zol-apatynan-qaitys-boldy/

pixel