Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Түркістандағы теңдесcіз "Керуен-Сарай" көпфункциялы туристік кешеніне барды

Опубликовано:

Фото
Фото: Елбасының ресми сайты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Керуен-Сарай" көпфункциялы туристік кешеніне барды деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Алтын Самұрық» ұшатын  театрына барып, театрландырылған судағы шоуды тамашалады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне орай «Қыз қуу» театрландырылған көрінісі көрсетілді.

Айта кетейік, кешен "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 117,6 мың шаршы метр.

"Керуен-Сарай" кешенінде "Жібек жолы" дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "Ұшатын театр", ат ойындарын өткізетін амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, SPA және фитнес орталық, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Олардың бәрі бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр. 

Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барған еді.

Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Үкібайдың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында түркі әлемінің астанасында бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандарды аралаған.

Фото
Фото: Елбасының ресми сайты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912067-nazarbaev-turkistandagy-tendesiz-keruen-sarai-kopfunkciyaly-turistik-kesenine-bardy/

pixel