jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Башар Асад Сириядағы президенттік сайлауда төртінші рет жеңіске жетті

    Башар Асад
    Башар Асад. Фото: Pool BENAINOUS/HOUNSFIELD/Gamma-Rapho via Getty Images

    Сирияның қазіргі президенті Башар Асад президенттік сайлауда 95,1 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

    Сирия парламентінің төрағасы Хаммуд Саббаг Асадқа 13,5 миллион адам дауыс бергенін айтты.

    "Ол абсолютті көпшілік дауысқа ие болып жеңіске жетті. 18 миллион 107 мың 109 адам дауыс беруге құқылы болды, оның 14 миллион 239 мың 140-ы дауыс берді. Асад 95,1% дауыс жинады", – деді спикер.

    Жеңіс туралы хабарлағаннан кейін Сирия көшбасшысы ел тарихындағы жаңа кезең басталғанын мәлімдеді.

    "Ертеңнен бастап Сирияның құрылысына деген үмітті нығайту үшін жұмыс кезеңін бастаймыз", – деді Асад.

    Сондай-ақ, президент қаза тапқан сириялықтарды еске алып, жаралылардың сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Сирияның президенті ретінде 2000 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Башар Асад төртінші рет жеті жылдық мерзімге сайланғандығы атап өтілді.

    Бұған дейінгі 2014 жылғы президенттік сайлауда ол 88 пайыздан астам дауысқа ие болған.

    Сирияда биыл сайлау 26 мамырда өтті. Ел азаматтары таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істеген 12 мыңнан астам сайлау учаскелеріне барып дауыс бере алды.

    Ресми мәліметтерге сәйкес, дауыс беру барлық қалаларда заң бұзушылықтарсыз өтті, мұны Ресейден келген парламенттік делегация мүшелері растайды.

    Сирия лидерінің кеңесшісі Бусейна Шаабан бұған дейін азаматтардың сайлауға жаппай қатысуы тұрғындар тарапынан үкіметке деген қолдау білдіру фактісін растады деп мәлімдеді.

    Башар Асад Сириядағы президенттік сайлауда төртінші рет жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.