Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мылтықпен атқан": Гаити президенті Джовенел Моизді өлтіріп кетті

Опубликовано:

Жовенель Моиз
Жовенель Моиз. Фото: Alex Wong/Getty Images

Бүгін, 7 шілдеде белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасады. Мемлекет басшысы алған жарақатынан қайтыс болды.

Гаитилік БАҚ-қа сілтеме жасаған ТАСС-тың хабарлауынша, шабуыл туралы елдің премьер-министрі хабарлады.

Резиденцияға шабуыл жасау кезінде мемлекет басшысы мылтықтан өлім жарақатын алғаны белгілі болды. Ол 53 жаста еді.

"Известия" басылымы нақтылағандай, Моиз резиденциясына сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні белгісіз адамдар тобы шабуыл жасаған.

Шабуыл жасағандардың кейбірінің испанша сөйлегені атап өтілді.

Басылымның хабарлауынша, елдегі жағдай қазір Гаити ұлттық полициясы мен Гаити қарулы күштерінің бақылауында. Билік мемлекеттің сабақтастығына кепілдік беру және ұлтты қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, делінген премьер-министрдің мәлімдемесінде.

Жовенель Моиз мемлекет басшысы ретінде 2017 жылдың 7 ақпанында қызметіне кіріскенін болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921279-gaiti-prezidenti-dzovenel-moizdi-atyp-oltirdi/

pixel