Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті

Опубликовано:

Вагондар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті. Игілікті іс аталған өңірде қуаңшылық орын алуына байланысты аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды.

Бұл әрине Жамбыл өңірінің өзге облыстарға әр уақытта көмек қолын созатындағын аңғартса керек. Бұл іс көпке үлгі екені белгілі. Жақсылық жасасаң – жақыныңа жаса дейді атам қазақ. Сол игі үрдіс міне жалғасып отыр. Ия, ауылшаруашылығы саласы үшін биыл үлкен жауапкершілік тұр. Енді сол үдеден шығу – басты міндет.

Өңір аудандары мысалы, Шу, Луговой, Жанатас және Тараз қаласы темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық аудандарынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.

Вагондар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Бұл шараға Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да өз үлестерін қосып, 300 бау жоңышқа берген.

Вагондар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
"Сын сағатта бірлігіміз сыналады, бірге болсақ – ынтымағымыз нығаяды. Біздің бүгінгі жасап жатқан амалымыз уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған ағайынға шөпті ертерек жеткізу", - дейді байзақтық «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Ақылбеков.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, аймақта қажетті ірі сабақты мал ағызы қоры жеткілікті.

Вагондар
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
"Бүгінгі таңда облысымызда мал азығын дайындау жұмыстары жалғасын табуда. Мал қыстауын қалыпты өткізу үшін 1,7 миллион тонна пішен дайындау жоспарланған. Бүгінде 1,5 миллион тонна пішен, 58 мың тонна пішендеме дайындалды. Алда сүрлем дайындау науханы тұр. Жалпы облыста мал ағызына қажетті ірі сабақты мал ағызының қоры қажет мөлшерде жиналды. Енді, міне, өңір шаруаларының ұсынысымен қуаңшылықтан зардап шеккен Қызылорда облысының Арал қаласына, Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жем-шөп жеткізілетін болады", - дейді ол.

Жамбыл облысының жұртшылығы қызылордалық ағайындарға әрі қарай да көмек көрсететіндігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1924782-zambyl-oblysy-qyzylorda-onirine-33-tonna-sop-zoneltti/

pixel