Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Садыр Жапаровқа алғыс айтамын": Тергеуден шыққан Асқар Ақаев мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Асқар Ақаев
Асқар Ақаев: Sputnik / Руслан Кривобок

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев бүгін еліне орала салысымен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне тергеуге жеткізілген еді. Тергеуден кейін ол журналистерге шығып, пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Мен 16 жылдан кейін, Қырғызстанға, Отаныма оралғаныма бақыттымын. Мен тергеуге көмектсіп, біз соққан жоба бойынша түсініктеме беруге дайынмын. Мен МҰҚК басшысына алғыс айтамын. Мені мұнда жақсы қарсы алып, өте мұқият қарым-қатынас жасады", - деді Ақаев.

Ол Қырғызстан басшылығына, атап айтқана республикаға оралып, "Құмтор" жобасы бойынша куәлік беруге жол ашқан Садыр Жапаровқа алғыс айтты.

Ақаевтың сөзінше, ол елге куәлік беру үшін ұшып келген.

"Әлбетте, сұрақтар бар, міне, бірінші тергеу болды. Тағы да осы бағытта жұмыс істейміз, сол себепті осында бір апта боламын. "Құмторды" қалай соққанымызды айту үшін келдім. Мүмкін қателіктер болған шығар... Жалпы, барлығы туралы айтып беремін. Әзірге, басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Қырғызстанның экс-басшысы.

Ақаев ертең тағы да куәлік беру үшін МҰҚК-не баруға ниетті екенін айта кетті. Ол бірнеше кездесу болатынын, нәтижесі туралы кейінірек жариялайтынын хабарлады.

Сондай-ақ Ақаев бүгін қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен кездесу өткізгенін жеткізді. Оның сөзінше, ол кездесуде "бәрін айтуға" мүмкіндік бергені үшін президентке алғыс айтқан.

"Мен Садыр Нұрқожаұлына маған жол ашқаны үшін алғыс айттым. Ел алдында үлкен міндеттер тұр. Жаңа басшылықтың экономиканы көтеруге қатысты жасампаз жоспары бар. Мен шамам келгенше осыған атсалысқым келеді", - деді Асқар Ақаев.

Айта кетсек, бұған дейін ел билігі Ақаевты 1992 жылы "Құмтор" жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптады.

Қырғызстанның экс-президентіне ресми түрде іздеу жарияланды. 2005 жылдың наурызында болған төңкерістен кейін Ақаев Мәскеуге кетіп, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925175-asqar-aqaev-tergeuden-sygyp-malimdeme-zasady-video/

pixel