Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында білім саласындағы шенеунік 5 миллион теңге пара алды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Пара беру
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде.

"Қылмыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, шенеуніктер мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде.

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алайда кейін Шымкент қаласының мәдениет басқармасы лауазымды тұлғалары ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Олардың дерегінше, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер, басқарма басшысы, басшының орынбасарлары барлығы жұмыс орнында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927117-turkistan-oblysynda-bilim-salasyndagy-seneunik-5-million-tenge-para-aldy-dep-kudiktelude/

pixel