Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте лауазымды тұлғалар пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

пара11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram каналында.

Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттікпен бірге, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкерелеген.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде.

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында аудан әкімнің орынбасары пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, шенеунікке қатысты кәсіпкерден 1 800 000 теңге сомасында, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926725-symkentte-birnese-seneunik-para-beruge-areket-zasady-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel