Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының мәдениет басқармасы лауазымды тұлғалары ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мекеменің лауазымды тұлғалары ұсталды деген ақпараттан кейін Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, шенеуніктер мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде.

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны да айтылған болатын.

Алайда Шымкент қаласының мәдениет басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес төмендегіні мәлімдейміз.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін назарларыңызға саламыз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында.

Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түскен жоқ", - делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926775-symkent-qalasynyn-madeniet-basqarmasy-lauazymdy-tulgalary-ustalgany-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel