Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауған әскері беріледі деп болжамадық": Пентагон көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Здание Пентагона
Пентагон. Фото: pixabay.com

Пентагон өкілі Джон Кирби Пентагон "Талибан" ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) айтарлықтай табысқа жетеді деп болжағанын жасырмады деп хабарлайды CNN.

Пентагон "Талибанның" ел бойынша табысқа жету мүмкіндігін "елестеткенін" атап өтті.

Алайда баспасөз хатшысы Джон Кирби АҚШ президенті Джо Байденге бұл туралы айтылғанын, айтылмағанын хабарлаудан бас тартты.

"Біз көшбасшылардың президентке берген кеңестері туралы ешкімге тіс жармаймыз. Жүргізген жаттығуларда "Талибан" қозғалысының айтарлықтай жетістіктерге жететінін жоққа шығарған жоқпыз. Алайда біз Ауғанстан әскерінің еш соғыссыз берілгенін болжамаған едік, - деді Кирби журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, түнде АҚШ президенті Джо Байден түнде Ауғанстандағы жағдай бойынша халыққа үндеу жасаған еді.

Ауғанстан аумағын "Талибан" өкілдері қалай жаулап алды?

Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулға кірді, бірақ шабуыл жасамады. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Сол арада "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927532-augan-askerinin-berilerin-bolzamadyq-pentagon-kopsilik-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel