Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Жамбылдағы жағдайға байланысты Тоқаевқа жеделхат жолдады

Опубликовано:

жамбылдағы жарылыс
Фото: Әлеуметтік желілерден

Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Ресей басшысының сөздері Ресей Федерациясы Президентінің ресми сайтында жарияланды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жамбыл облысындағы қару-жарақ қоймасы жарылуының қайғылы салдарына байланысты көңіл айтамыз.
Қаза тапқандардың отбасыларына деген жанашырлық пен қолдау сөздерін жеткізуіңізді сұрап, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Құрметпен, Владимир Путин", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Оған қоса Қорғаныс министрлігі де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929397-putin-zambyldagy-zagdaiga-bailanysty-toqaevqa-zedelxat-zoldady/

pixel