RU

Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларымен күресті күшейтуді тапсырды

Қаржы пирамидасы
Көрнекі фото: polisia.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында қаржы пирамидаларымен күресті күшейтуді тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат.

"Қылмыспен күрестің тәжірибелік мәселелерін назардан тыс қалдырмау қажет. Алаяқтық қылмыстардың көбеюіне қатысты азаматтар әділ наразылық білдіруде", - деді мемлекет басышсы.

Президенттің сөзінше, Бас прокуратура алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін әзірлеу қажет.

Сонымен қатар ол балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою мәселесі ерекше бақылауда болуы керек екенін қадап айтты.

"Болашақ ұрпақтың амандығына есірткінің таралуы жағдайы қатты қатер келтіріп отыр, оның ішінде синтиетикалық есірткінің қаупі жоғары. Құқық қорғау органдарына осы есірткі атты пәленің ел халқы арасында таралуы жолына қатаң тосқауыл қою тапсырылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929877-prezident-qarzy-piramidalarymen-kuresti-kuseitudi-tapsyrdy/