Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ШЫҰ елдерін вакцинация төлқұжатын өзара мойындауды жылдамдатуға шақырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мемлекеттерінде вакцинация төлқұжаттарын өзара мойындау рәсімін жеделдетудің маңыздылығын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ШЫҰ мемлекеттерінде вакцинация төлқұжаттарын өзара мойындау рәсімін жеделдету, оларды көпжақты жүйеге біріктіру біздің елдерге тап болған сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуге ыңпал ететініне сенімдімін", – деді президент.

Бұл ретте ол пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ серіктестері өзара гуманитарлық көмек көрсету арқылы нағыз "Шанхай ынтымақтастық рухын" көрсеткенін атап өтті.

"Пандемияға қарсы күресте шешуші бетбұрыс жасау тек халыққа жаппай вакцина салдырған жағдайда ғана мүмкін болады. Сондықтан, БҰҰ терминологиясын қолдана отырып, біз ешкімді артта қалдыра алмаймыз.

Осы орайда, Қазақстанның ұсынары бар. Біздің QazVac вакцинасы сынақтан сәтті өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді және біз препаратты көрші елдерге гуманитарлық көмек ретінде жеткізе бастадық", – деп қосты Тоқаев.

Сонымен қатар, ол тағы екі қазақстандық әзірлеме "Нарувакс-С-19" және "Нарувакс-С-19 НАНО" ДДСҰ-ның COVID-19-ға қарсы вакциналар тізіміне енгізілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932604-toqaev-syu-elderin-vakcinaciya-tolquzatyn-ozara-moiyndau-procesin-zymdamdatuga-saqyrdy/