RU

"Бауырластықтың шынайы рухы": БҰҰ басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

гутерриш
Фото: СІМ ресми сайты

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберіндегі кездесу кезінде айтты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған шара аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Гуттериш Қазақстан тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

"Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз", - деді Гутерриш.

Өз кезегінде министр президенттің БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933889-bauyrlastyqtyn-synaiy-ruxy-buu-bassysy-toqaevqa-algys-bildirdi/