Шакира Бішкекте концерт береді: билет бағасы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шакира алғаш рет Орталық Азияда өнер көрсетеді. 18 қазанда әйгілі әнші "Las Mujeres Ya No Lloran" турнесі аясында Бішкекте концерт береді, деп хабарлайды GovTicket-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әнші көрермендерге "Las Mujeres Ya No Lloran" әлемдік шоуын ұсынады. Оның бағдарламасына әр жылдардағы танымал хиттер мен жаңа альбомдағы әндер кіреді. Концертке келген жұрт "Hips Don't Lie", "Whenever, Wherever", "Waka Waka" және "She Wolf" әндерін тыңдай алады.
Билет сатылымы 1 қазанда Бішкек уақытымен сағат 09:00-де басталатыны атап өтілді.
"Баға таңдалған аймаққа байланысты. Негізгі санаттар арасындағы ең қымбат орындар 40 мың сом (458 доллар) тұрады. Бұл сомаға Fanzone 1 немесе Fanzone 2 аймағынан билет сатып алуға болады. Секторлар дәл сахнаның алдында орналасқан.
Тұрып тамашалайтын секторлардың тағы бірі – Ground admission. Бұл жердегі билет бағасы – 27 мың сом (309 доллар).
Концертті отырып тамашалағысы келетіндер үшін бірнеше санат қарастырылған. Жоғарғы қатардағы орындардың бағасы 13,5 мың сомнан (154 доллар) басталады", - делінген GovTicket жарияланымында.
Ал ең арзан билеттің бағасы – 12 мың сом (137 доллар). Бұл билетпен сахнаның шетіндегі, шоу толық көрінбейтін орындарға отыруға болады.
"Сондай-ақ бір орны 30 мың сом (343 доллар) тұратын Skybox қарастырылған. Ложалар 15-20 қонаққа арналған, олар холл, асүй және бармен жабдықталған.
Премиум VIP-билеттер сатылымға кейінірек шығады. Олардың саны шектеулі, ал құны негізгі санаттардың бағасынан жоғары болады.
Сахна шығыс трибунаның жанында орналасады. Оның артындағы секторлар көрермендер үшін жабылады. Стадионға кіру QR-билет арқылы жүзеге асады. Концертке 7 жастан асқан көрермендер ғана жіберіледі", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев атақты әнші Шакираның 18 қазанда Бішкекте концерт беретінін хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2435980-shakira-bishkekte-kontsert-beredi-bilet-bagasy-belgili-boldy/
