RU

Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысшысы: Адал еңбек қашан да өз жемісін береді

Нұрлан Әбусақов
Фото: "Казахмыс" корпорациясы

Кез келген өндіріс ең алдымен ресурстарға немесе шикізатқа, озық құрал-жабдықтарға немесе жоғары технологиялық процестерге емес, өз кәсіпорнының мүддесін қорғап, күн сайын өз міндеттерін адал атқаратын адамдарға – жұмысшыларға негізделеді. Жезқазған мыс қорыту зауытының да басты құндылығы – жұмысшылары. Нұрлан Әбусақов – өз ісіне адал, ұзақ жылдар бойы зауыттың өркендеуіне үлес қосып келе жатқан жандардың бірі.

Нұрлан Әбусақов Жезқазған мыс қорыту зауытына сексенінші жылдардың соңында келген. Сол уақытқа қарай ол әскерден кейін кеңшарда оқып жүріп, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, отбасын құрып, қалаға көшіп, кірпіш зауытына жұмысқа орналасып үлгерген. Бірақ екі жылдан кейін кәсіпорын жабылып қалған соң жаңа мамандықты – электролизші аппаратшы мамандығын игеруге шешім қабылдайды, және күні бүгінге дейін осы салада қызмет етіп келеді.

«Мен өмірде дұрыс бағытты таңдадым деп ойлаймын. Бастапқыда бұл жерге амалсыздан келдім – отбасымды асырау керек болды, қол қусырып отыра алмадым. Бірақ қазір өзімді жұмыссыз елестете алмаймын. Мен бұл зауытпен, осында жұмыс істейтін адамдармен жақын болғаным сонша, тіпті демалыс күндері де осында келгім келіп тұрады. Мен зейнеткерлікке шыққанда жұмыссыз не істейтінімді білмеймін, өйткені ЖМЗ менің өмірімнің үлкен бөлігі», - деп ағынан жарылды жұмысшы.

30 жылдан астам еңбек өтілі бар Нұрлан Әбусақов өз ісінің кәсіби маманына айналып қана қоймай, жас мамандардың бір емес бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған, ол тіпті зауыт жұмысшыларының жұмысын жеңілдеткен өнертабыстың авторы атанды.

Нұрлан Әбусақов
Фото: "Казахмыс" корпорациясы
«Ол жылдары жұмыс жағдайы қазіргідей емес, шынымен де қиын болатын. Бүгінгі таңда заманауи жабдық аз күш жұмсауға мүмкіндік береді, ал ол кездері бәрін қолмен жасау керек болды. Мен кейбір процестерді қалай жеңілдетуге болатынын ұзақ ойладым. Және бір күні ойым іске асты – қол еңбегін алмастыратын механизм ойлап таптым. Бұл идея үшін олар маған лайықты сыйлықақы бергені есімде», - деп еске алады тәжірибелі жұмысшы.

Оның айтуынша, кәсіпорын басшылығы мұнымен шектеліп қалмады – еңбек жолында зауыттың дамуына қосқан үлесі үшін Нұрлан Әбусақов бірнеше рет марапат алған. Бұл тек Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары ғана емес – ол мінсіз еңбегі үшін металлургия саласының қызметкерлеріне берілетін ІІІ дәрежелі «Еңбекдаңқы» төсбелгісінің иегері. Сонымен қатар, Жезқазған мыс қорыту зауытының 50 жылдығында «Қазақмыс» компаниясы оған көлік сыйлады.

«Қазақмыс» біздің облыстың ғана емес, бүкіл Қарағанды ​​облысының дамуы үшін атсалысуда. Сөзсіз, компания өз қызметкерлерінің қамын ойлайды, мен мұнда адамдарды қалай қолдайтынына, жанкештілікті қалай бағалайтынына талай рет куә болдым. Бұл компания үшін әлеуметтік жауапкершілік деген бос сөз емес, бұған пандемияның қиын кезеңінде «Қазақмыс» өңірдегі медициналық мекемелерге жаңа қымбат жабдықты жеткізіп, дәрі-дәрмек сатып алған кезде тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бұл көп нәрсені айқындайды», - деп атап өтті Нұрлан Әбусақов.

Тәжірибелі қызметкер кәсіпте ғана емес, отбасылық өмірде де өз орнын тапты. Бүгінде ол сүйікті жар, әке, ата атанып отыр, айналасына қосқан үлесі мен адал еңбегінің жемісін көруде. Менің бұдан асқан арманым жоқ деп түйіндейді Нұрлан Әбусақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942971-zezqazgan-mys-qorytu-zauytynyn-zumyssysy-adal-enbek-qasan-da-oz-zemisin-beredi/