RU

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай қанша жалақы алады

Нұрдәулет Қилыбай
Нұрдәулет Қилыбай. Фото: Tumba.kz

Ақтау әкімінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісінің қала басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың айына қанша жалақы алатыны туралы сұрағына жауап берді.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Нұрдәулет Қилыбайдың айлық жалақысы 783 мың 503 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, Нұрдәулет Қилыбай 2020 жылдың маусым айында Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екенін хабарлаған едік.

Шенеунік айына шамамен 1 миллион 900 мың теңге (4400 доллар) алады.

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып 2019 жылдың 26 ​​ақпанында тағайындалған. Әр жылдары ол экономика, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары болып, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен елорданы басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943012-aqtau-akimi-nurdaulet-qilybai-qansa-zalaqy-alady/