Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Үкібай Елбасының Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін Тоқаевқа беру туралы шешімін түсіндірді

Опубликовано:

Тұңғыш президент
Фото: Elbasy.kz

Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Нұрсұлтан Әбішұлы атқаратын қызметтеріне қарамастан, қазіргі заманның көрнекті саясаткері, әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді тұлға, ұлтымыздың көшбасшысы – Елбасы болып қала беретінін түсіну керек.

Замануи Қазақстанның құрылуына бастама болған, елі үшін жанын салып, оған бүкіл өмірін арнаған тұлғаның қашан да халықтың мүддесі, ұлт және ел болашағы үшін өмір сүретіні баршаға аян деп ойлаймын. Елбасының бұл ұстанымы өзгеріссіз қалады.

Бүгінгі шешім – билік транзитінің логикалық жалғасы ғана. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Nur Otan партиясы, әсіресе пандемиядан туындаған бүгінгі жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан президентінің басты тірегі болуы керек.

Партия жарғысы бойынша, партияның төрағасын сайлау мен оны лауазымынан босату толығымен Nur Otan партиясының съезінің құзыретіне жатады. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып қала береді", - деді Айдос Үкібай.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943567-aidos-ukibai-elbasynyn-okilettikti-beru-turaly-sesimin-tusindirip-berdi/

pixel