Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әріптестеріммен бірдей": Сапарбаев өзінің жалақысы туралы сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ өткен брифингте өзінің жалақысы қанша екенін айтудан бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг кезінде БАҚ өкілдері Жамбыл облысының басшысынан айына қанша жалақы алатынын сұрады.

"Бұл менің әріптестеріме қойылып отырған алғашқы сұрақ емес. Менде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы үкімет қаулысы негізінде еңбек өтіліне байланысты белгіленетінін қайталағым келеді. Мен әріптестеріммен бірдей жалақы аламын", - деді Бердібек Сапарбаев.

Оның дерегінше, жамбылдықтардың орташа айлық жалақысы 22,6 пайызға, яғни 184,4 мың теңгеге ұлғайған. Сондай-ақ, Сапарбаев өңір тұрғындарының кірісі 15,7 пайызға - 92 мың теңгеге дейін өскенін хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айына 1 миллион 977 мың 890 теңге жалақы алатыны белгілі болған еді.

Сонымен бірге, елорда әкімі Алтай Көлгінов жанұясы ай сайын азық-түлікке 250-300 мың теңге жұмсайтынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945710-ariptesterimmen-birdei-saparbaev-ozinin-zalaqysy-turaly-suraqqa-zauap-berdi/

pixel