Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ноғаев Маңғыстау облысы тұрғындарының орташа жалақысы қанша теңге екенін айтты

Опубликовано:

Ақша
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа өңір тұрғындары алатын орташа жалақы қанша деген сауал қойылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Статистика бойынша облыстағы орташа жалақы 350 мың теңгені құрайды. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. Дәстүр бойынша мұнай-газ саласындағылар басқа саладағыларға қарағанда жақсы жалақы алады. Сол себепті біздегі көрсеткіштер осындай" - деді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қанша айлық алатынын айтқан еді.

"Әкімдердің жалақысы үкіметтің "Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбекақысын есептеу туралы" қаулысына сәйкес есептеледі. 22 жылдық еңбек өтілін ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айына 1 миллион 977 мың 890 теңге алады", – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943962-nogaev-mangystau-oblysy-turgyndarynyn-ortasa-zalaqysy-qansa-tenge-ekenin-aitty/

pixel