jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Германияның жаңа канцлері сайланды

    Олаф Шольц
    Олаф Шольц. Фото: Sean Gallup/Getty Images

    Олаф Шольц Германия Федеративтік Республикасының жаңа канцлері болды, деп хабарлайды РИА Новости.

    Германия бундестагындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Германия канцлері болып социал-демократиялық партияның өкілі Олаф Шольц сайланды.

    Жеңіске жету үшін үміткер дауыстың басым бөлігін иелену керек. Яғни, бундестагда үміткердің кандидатурасын 736 депутаттың кем дегенде 369-ы қолдауы тиіс.

    Анықталғандай Олаф Шольцке 395 депутат дауыс берген.

    Олаф Шольц жаңа қызметіне дейін 2018 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін социал-демократиялық партиясы төрағасының міндетін атқарушы болған.

    Айта кетейік, бұған дейін Германия үкіметін 16 жыл Ангела Меркель басқарды.

    Жуырда оның құрметіне салтанатты шара өтті.

    Іс-шараға 200 қонақ қатысқан. Олардың қатарында Меркельдің саясаттағы әріптестері де бар.

    Германияның жаңа канцлері сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.