Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара алды деген күдікке ілінген Бақытгүл Хаменова қызметінен босатыла ма

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова. Фото: azh.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қызметінен босатыла ма? Бұл сұраққа Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы "КТК" арнасына берген сұхбатында жауап берді.

"Бүгін жұмыста жоқ. Ресми органдардан, соттан ешқандай қаулы келген жоқ. Егер сондай ресми құжат келсе, әкімдік тарапынан шешім қабылданады", - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбай.

Облыс әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне бөлінген 150 миллион теңгенің 4 жарым миллионын алмақ болды деген күдікпен өткен жұмада қамауға алынған. Онымен қоса, Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы да ұсталған.

Ал сот Бақытгүл Хаменованың отбасы жағдайын ескере отырып, оны үй қамаққа жіберді. Қазір ескерткіш те дайын. Салмағы бес тонна болатын монумент 16 желтоқсан күні ашылады деп жоспарланған. Қазіргі жайттарға байланысты 27 желтоқсанға шегеріліпті.

Бұл жобаның авторы 2019 жылы конкурс арқылы белгілі болған. Бір ай бұрын ғана "Балқыту" серіктестігімен  келісімшарт жасалып, алғашқы 72 миллион теңгесі игеріліп қойған. Ал қалғанын келер жылғы бюджетке жоспарлаған екен.

"Абай Құнанбайұлының ескерткіші 2018 жылы ұсынысты қолдау негізінде  Атырау облысы тарихи және мәдениет ескерткіші комиссиясында қаралды. Монументті орнату мәселесі Нұр-Сұлтан қаласында қаралып қолдау тапты. Мүсіншінің авторы  – Нарытов", - деді Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Толыбай Достыбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946851-para-aldy-degen-kudikke-ilingen-baqytgul-xamenova-qyzmetinen-bosatyla-ma/

pixel