Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Қазақстандағы жағдай туралы: Халықаралық терроризм агрессиясын бақылап отырмыз

Опубликовано:

Путин
Владимир Путин. Фото: Facebook

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ кеңесінің онлайн отырысында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер халықаралық террризммен байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз халықаралық терроризмнің агрессиясын бақылап отырмыз. Шетелдік орталықтарда дайындықтан өткен, ғаламшардың қауіпті нүктелеріндегі әскери іс-қимылдарда тәжірибесі бар қарулы адамдар тобы қайдан пайда болды?",- деді Владимир Путин.

Ол ҰҚШҰ Қазақстандағы жағдайға байланысты өз әлеуетін, жылдам, тиімді әрі нақты әрекет ету қабілетін көрсеткенін атап өтті.

"ҰҚШҰ әр мүшесі одақтың әскери тобының құрамындағы алға қойылған міндеттерді атқаруға өз үлесін қосты. Қазір бөлімшелер белсенді жұмыс жүргізуде.

Бұл елдердің толық қауіпсіздік жүйесін құру жөнінде ҰҚШҰ аясында жүргізілген көпжылдық тиянақты жұмыс өз нәтижесін беріп жатқанын дәлелдейді.

Біздің елдердің әскери қызметкерлері жалпы бағдарлама бойынша дайындықтан өтіп жатқаны маңызды. Олар техниканың бірегей немесе сәйкес үлгілерімен қамтылады", - деп қосты Путин.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде наразылықтарды қолдаудың "майдандық технологиялары" қолданылғанын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950317-putin-qazaqstandagy-zagdai-turaly-xalyqaralyq-terrorizm-agressiyasyn-baqylap-otyrmyz/

pixel