Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттардың айлығын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: qazaquni.kz

Мәжіліс отырысына қатысып жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен депутаттардың, Үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттардың жалақыларына тоқталып өтсем. Өткен жылдың соңында бұл мәселе ел арасында көп талқыланды. Аталған санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы әбден жеткілікті деп санаймын.

Сол себепті, үкімет мүшелерінің, өңір әкімдерінің және депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялауды мүмкін деп санаймын. Бұл мәжіліс депутаттары үшін айтарлықтай жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ бұл жаңалықты түсіністікпен қабылдайсыз деп ойлаймын.

Біз бюджет мүмкіндіктерінің артуына қарай әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жалғастырамыз", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950468-toqaev-akimder-men-deputattardyn-ailygyn-koteruge-bes-zyldyq-moratorii-zariyalady/

pixel