Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды тапсырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Оператор РОП" компаниясының қызметі көптеген сұрақ тудыруда. Тіпті осы жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды.

Үкіметке "Оператор РОП" компаниясының утильдік алымға иелік етуін, сондай-ақ, утильдік алымды әкімшілендіруді тоқтату үшін шаралар қабылдауды тапсырамын. Бұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысу керек.

Алымдардың өзіне келсек, олардың мөлшерлемесі қайта қаралуы қажет.

Мемлекеттің қайта өңдеу, автомобиль өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы техникасын қолдау функцияларын ешкім жойған жоқ. Бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен талқылау керек.

Отандық авто және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға утильдік алым есебінен ваучерлер беру мәселесін қарау қажет. Оның қаражатын пайдаланудың басқа да қоғамдық пайдалы тәсілдерін пысықтау керек", - деп тапсырды президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950483-tokarev-operator-ropkompaniyasynyn-zumysyn-toqtatudy-tapsyrdy/

pixel